Кәсіби қазақ тілі пәнінен ашық сабақ

17 Ноябрь 2023

2023 жылдың 14 қарашасында оқытушы Г.Ж.Нургазина ХБА колледжінің 23 МР тобында кәсіби қазақ тілі пәні бойынша «Ұлттық валюта - теңгеге 30 жыл» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Студенттер сабақта теңгенің шығу тарихымен, оның 30 жыл бойы даму жолдарымен танысты, сонымен қатар банкілердің даму тарихын және ақшаның қалай пайда болғанын еске салды.
Оқытушы сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында командалық және жеке жұмыстар түрін қолданды, әдістемелік тәсілдер және тілдік қызметтік формаларымен жұмыс орын алды.

"АЛМА" холдингінің білім беру сатысы

Байланыз

Студенттер біз туралы