Студенттік театр


2015 жылы жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту және әлеуметтік кеңістікте жастардың бейімделуін дәріптеу  мақсатында колледж студенттері «Инклюзивті жастар - мүмкіншілігі шектеусіз адамдар» атты әлеуметтік жобаны әзірлеп өмірге әкелді. Жоба бойынша колледжімізде Студенттік театр құрылып жұмыс істейді. Театрдың құрамы колледж студенттері мен «Рух» орталығының  мүмкіншілігі шектеулі жастарынан құралған.

Бүгінде театрымыз мынадай жоғары көрсеткіштерге ие: Астана мен Алматы қалаларының университеттері мен колледждерінде 24 спектакльдік қойылымның қойылуы, көрермендер санының 80-нен 2740-қа дейін өсуі, театр құрамының 12-ден 46 студентке көбеюі және 10-нан 28-ге дейін мүмкіншілігі шектеулі жастардың қосылуы. Топ болып жұмыс істеу жастар мен студенттердің өзін-өзі бағалауларына және өз-өздерін толықтай ашуларына көптеген  септігін тигізді, сондай-ақ олардың ұжымда бірлесе жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырды және ең бастысы олар бір-бірімен достық қарым-қатынасты ұстана білді.


Біз мүмкіншілігі шектеулі жастарды әлеуметтік кеңістікке бейімдеу кезіндегі  мәселелерді шешеміз. 
Біздің мақсатымыз мүмкіншілігі шектеулі жастардың жан-жақтылық дағдыларын және олардың
жалпы эмоционалдық жағдайларын жақсарту, «ерекше адамдарға» деген әлемдік көзқарастағы
қоғамның қарым-қатынасын өзгерту.
 
2015 жылы «Кеңес» мүгедектер кешенін оңалту орталығымен «Рух» мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға психологиялық көмек көрсету орталықтарының тығыз байланысының нәтижесінде театрды құру идеясы пайда болды.
2016 жылдың наурыз айында ХБА колледжінің студенттері мен «Рух» орталығының  мүмкіншілігі шектеулі жастарынан құрама пайда болды. Балалар сахналық костюмдер жасады, дайындықтар жүргізді, музыкалық сүйемелдеу мен деректемелер таңдады.
2016 жылдың мамыр айында Р.Мунштың «Мен сені өмір бойы жақсы көріп өтемін...» атты аңызы бойынша қойылған спектакльдің премьерасы болды.
2017 жылы жастарды көбірек тарту және әлемдік көзқарастағы идеяларды дамыту мақсатында театрдың екінші құрамасы құрылды.
Алматы Менеджмент Университеті, «Рух» мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға психологиялық көмек көрсету орталығы, Алматы құрылыс және бағалау колледжі, Алматы  экономика және статистика академиясы, ЖШС «Асыл әулет», «Кішкентай ғұлама» балабақшасы, «Кеңес» мүгедектер кешенін оңалту орталығы.
Founder and head Krasnova Natalya Viktorovna.
Actors of 1 list  Kagykina Veronika, Kiselyova Irina, Krutous Alyn, Panova Valeria, Sumin Alexey, Zhumashkenova Diana, Saydakramov Akbar, Levchenko Ivan, Aktaylakova Akzhan, Toimbetova Zarina, Sarsembayeva Ulzhanna, Boribek Asel.
Actors of the 2nd structure Dmitriyev Jan, Kumganbayev Timur, Arziyev Anwar, Aytbay Gauhar, Govorukhina Darya, Kalivoshko Ksenia, Kim Valery, to Us Miron, Bayylova Dameli, Bekk Katya, Gurin Vladislav, Kasengali Amira, Mamayeva Christina, Parfyonova Tatyana, Ismailova Madina, Litvinova Nastya, Kolokoltseva Masha, Halitov Alikhan

Студенттік театр  №116 және №1 мектептерде 

2018 жылдың 23 ақпанында  МАБ колледжінің студенттік театры  мен  "РУХ" мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға психологиялық көмек беру  орталығының бірігуімен №116 мектеп-гимназиясында  "Мен сені мәңгі сүйіп өтем..." атты қойылымы көрсетілді. Ал  №1 мектеп-гимназиясында 27 ақпан күні  қойылым қойылды.
Мектептің сегізінші, тоғызыншы сынып оқушылары қойылымға және қойылым актерлерін жылы қабылдады. Мектептердегі қонақжайлылық жоғары деңгейде болды. Оқушылардың бір тобы  құрылғыларды орнатуға көмектессе, енді бірі кез-келген өтінішті орындауға дайын жүрді.  Оларға деген алғысымыз шексіз!
Қойылымда колледждің 18 оқушысы, РУХ орталығының 8 қатысушысы және бір жас бала- орталықтың бұрынғы оқушысы қатысты. Қойылымды мектептің 220 оқушысы көрді.

Колледж студенттері-волонтерлер

Халықаралық Бизнес Академиясы колледжінің студенттері «Рух» мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға психологиялық көмек көрсету орталығында, «Кеңес» мүгедектер кешенін оңалту орталығында және «Амаль-Иман» атты қоғамдық қорында  жыл сайын волонтерлік жұмыс жүргізеді.
2016 жылдың наурыз айында қайырымдылық кинокеш өткізіліп, нәтижесінде жиналған қаражат «Кеңес» мүгедектер орталығындағы  балалардың пайдасына жаратылды. Студенттер орталықтың балаларымен ойын алаңдарын бояды. Сондай-ақ «Рух» мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға психологиялық көмек көрсету орталығымен және «Амаль-Иман» атты қоғамдық қорымен бірлесе отырып бірнеше спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізді.

Р.Мунштың «Мен сені өмір бойы жақсы көріп өтемін...»
атты аңызы бойынша қойылған спектакльдік қойылым 

2016 жылдың мамыр айында Р.Мунштың «Мен сені өмір бойы жақсы көріп өтемін...» атты аңызы бойынша қойылған спектакльдің премьерасы болды. (Спектакльде ананың өзінің баласына деген өмір бойғы махаббаты көрсетіледі).
2016 жылдың 5 мамырынан 2017 жылдың қыркүйегіне дейін 24 қойылым қойылды (көрермендер саны 2740 адам): оның ішінде 19 қойылым Алматы қаласының колледждерінде,  университеттерінде өткізілді («Рух» орталығының мүмкіншілігі шектеулі жастарымен), Астана қаласында 4 қойылым қойылды (әлеуметтік қолдауды қажет ететін орталықтың балалары мен «Балам-ай» атты орталықтың мүмкіншілігі шектеулі жастары арасында), 1 қойылым көрсетілді («Кеңес» мүгедектер кешенін оңалту орталығының балаларымен). Спектакль көрсету арқылы 2011-2020 жылғы ҚР-ның Мемлекеттік блім бағдарламасын дамытуды жүзеге асыруда нық қадам басудамыз.

 

Театрдың жаңа жылдық дәстүрі

Мүмкіншілігі шектеулі жастар үшін жыл сайын Жаңа жылдық шырша өткізу дәстүрге айналды. Екінші жыл қатарынан колледждегі студенттік театр  актерлері Жаңа жылдық шыршаны ұйымдастырып жүр. Олар жаңа жылдық театрландырылған қойылымдар дайындайды, би кешіне арнап музыка мен ойындар тағайындайды, қонақтарға сыйлықтар дайындайды.
2017 жылдың 27 желтоқсанында Халықаралық Бизнес Академиясы колледжінде «Рух» мүмкіншілігі шектеулі жандарға психологиялық көмек көрсету орталығы үшін Қайырымдылық Шырша ұйымдастырылды. Шыршаға осы орталықтан 50 бала қатысты. Театрдың актерлері «Фиксиктердің жаңа жылдық хикаялары» атты спектакльдік қойылым қойды және би кеші мен балаларға түрлі ойындар ұйымдастырды.

Байланыз

  • Мекен жайы: Розыбакиев көш. 227
  • Тел:+7 7 707 846-45-06
  • Email: collegemab@yandex.kz
  • Картада

Студенттер біз туралы