Әскери-патриоттық клуб

Клубтың қызметі студенттердің патриоттық сезімдерін оятып, Отанды қорғауға деген дайындықтарын арттырып, биік рухани құндылықтарын, белсенді өмірлік позициясын, мәдени және интернациональды тәрбиені қалыптастыру
Клуб жеткешісі: Коринчук О.Н., БӘД жетекшісі
Клубтың жұмыс уақыты: бейсенбі, 11.30 - 14.30

Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні

2018 жылдың 9 ақпанында колледждің залында білім алушылармен бірге Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне арналған шара  өткізілді. Осы шараға қатысқандар: колледж директоры Хисматуллина А.А., білім алушылар,оқытушылар,  жауынгер-интернационалистер.

Осы шараға  Алматыдағы Ауғанстан соғыс ардагерлері және мүгедектері Кеңесінің өкілдері қатысты: Абдушкуров М., Ефименко С., Савиченко С., Карабеков Д.

Кездесу кезінде жауынгер-ауғанстандықтар Ауғанстан Демократиялық Республикасында болған қызметі туралы, соғыста болған күндері, интернационалдық парызы, патриоттық сезім, отансүйгіштік сезім туралы, туған жерін қорғауға дайындығы туралы айтты. 

Білім алушылар өлең оқыды, соғыс кезіндегі өлеңдерді айтты, жауынгер-интернационалисттерге сұрақтар қойды.

Шараның соңында колледждің директоры Хисматуллина А.А.өткізіліп жатқан әскери-патриоттық жұмысқа байланысты Кеңес өкілдеріне алғысын білдірді.

28 панфиловшылар саябағында Мәңгілік алау жанында еске алу вахтасы

2018 жылдың 18 мамырында колледждің 2 курс студенттері 28 гвардияшы-панфиловшылар Паркінде Мәңгілік алау және жауынгер-интернационалисттер ескерткішінің жанында  есте сақталу Вахтасында тұрды

2018 жылдың 6 маусымында колледждің 2 курс студенттері 28 гвардияшы-панфиловшылар Паркінде Мәңгілік алау және жауынгер-интернационалисттер ескерткішінің жанында есте сақталу Вахтасында тұрды

9.05.2018ж. «Мәңгілік полк» акциясына қатысу

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған сап және ән байқауы
Сап және ән байқауы - 3 мамыр 2018 ж.

Байқаудың мақсаты-оқушылар арасында патриоттық және интернационализмге тәрбиелеу, топтарды біріктіру.

28 гвардияшы панфиловшылар атындағы паркте ҰОС кезінде қаза тапқан жауынгерді қайта жерлеу шарасына қатысу

ҚазҰИТУ әскери кафедрасында экскурсияда болу

"АЛМА" холдингінің білім беру сатысы

Байланыз

Студенттер біз туралы