Тарихы

2009 жыл


Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі АА-5 сериялы №0106711 мемлекеттік лицензиясына ие болды. Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі келесі мамандықтар бойынша №0098776, №0098777, №0120299 лицензияға қосымшалар алды:

  • 0513000 - Маркетинг (салалар бойынша және қолдану салалары бойынша);
  • 0515000 - Менеджмент (салалар бойынша және қолдану салалары бойынша);
  • o0516000 - Қаржы (сала бойынша);
  • 0518000 - Есеп және аудит (сала бойынша);
  • 0519000 - Экономика (салалар бойынша);
  • 1305000 - Ақпараттық жүйелер.

 

2010 жыл


Халықаралық Бизнес Академиясының колледжінің қыздары қала чемпионатында футболдан бірінші орынды иеленді.

2011 жыл


Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті.Халықаралық Бизнес Академиясының колледжінің негізінде «Мен- кәсіпкермін» атты І қалалық іскерлік экономикалық ойын өткізілді. 

2012 жыл


Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі 0201000- Құқықтану мамандығы бойынша мамандарды даярлауға арналған лицензияға қосымша алды.

Халықаралық Бизнес Академиясының Колледжінің базасында Алматы қаласындағы колледждер Ассоциасымен бірлесіп «Мен кәсіпкермін» атты ІІ қалалық іскерлік экономикалық ойын өткізілді.

Халықаралық Бизнес Академиясының Колледжі Алматы қаласының колледждері мен мектептері оқушыларының арасында І сайт құру сайысын өткізді. Microsoft корпорациясының қатысуымен «Дамудың ашық көзі» атты конференциясы өткізілді.

ІІІ Халықаралық пәндік олимпиадаға қатысу (Түркия, Анталия). 

2013 жыл


Анталиядағы Туризм Академиясы мен Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Анталиядағы Туризм Академиясымен әлеуметтік әріптестікті дамыту және өндірістік тәжірибені ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісу, сондай-ақ арнайы пәндер оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша шетелдік ынтымақтастық орнатылды.

Халықаралық Бизнес Академиясы Колледжінің базасында Алматыдағы колледждер қауымдастығымен бірлесіп «Мен - кәсіпкер» ІІІ қалалық іскерлік экономикалық ойыны өткізілді.

Халықаралық Бизнес Академиясы Колледжі Алматы қаласының Білім басқармасымен және Республикалық жеке меншік білім беру ұйымдарының қауымдастығымен бірлесіп, сайт құру бойынша қалалық ІІ чемпионатын өткізді.

IV Халықаралық пәндік олимпиадаға қатысу (Түркия, Анталия).

 

2014 жыл


Колледж басшылығының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бойынша халықаралық форумдарға қатысуы (Германия).

Колледж басшылығының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөніндегі халықаралық форумдарға қатысуы (Франция).

Халықаралық Бизнес Академиясы Колледжі сайт құру бойынша қалалық ІІІ чемпионатын өткізді. Қатысушыларға «Болашақтың колледжі» атты сайтты құру тапсырма ретінде берілді. Чемпионатқа 15 колледж және Алматы қаласының 7 мектебі қатысты.

Колледждің командасы Астана қаласындағы КВН кубогының жеңімпазы атанды. Колледждің КВН командасы Сочидегі жоғарғы лигасына қатысты.

Осы жылы колледж студенттері 5-ші Халықаралық пәндік олимпиадаға қатысты (Түркия, Анталия).

Колледж директоры Хисматуллина А.А. техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бойынша халықаралық форумдарға қатысты (Германия, Франция).

2015 жыл


Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі 0513000 - Маркетинг (салалар бойынша және қолдану салалары бойынша); 0515000 - Менеджмент (салалар бойынша және қолдану салалары бойынша); 0518000 - Есеп және аудит (сала бойынша); 1305000 - Ақпараттық жүйелер мамандықтары бойынша 100 орындық мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыс алды.

Колледждің әдіскері Е.И.Кибарина «Жыл әдіскері» қалалық байқауының жеңімпазы атанды.

Алматы қаласының Білім басқармасы, Алматы қаласындағы Кәсіпкерлер палатасы, «Сенім» Бухгалтерлер агенттігі» ЖШС-мен 0518000 - Есеп және аудит (сала бойынша) мамандығы бойынша дуалды тәсілмен оқытуға шарт жасалды.

Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі негізінде Алматы қаласының Білім басқармасы, Алматы қалалық колледждер қауымдастығымен бірлесіп «Мен -кәсіпкермін» атты Ү қалалық іскерлік экономикалық ойыны өткізілді.

Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі  командалары алғашқы екі орынды иеленді. VI халықаралық пәндік олимпиадаға қатысып (Түркия, Анталия), колледж оқушылары география пәні бойынша бірінші орынды (Әбдітаны Айнур 13 МН), орыс тілі бойынша үшінші орынды (Адылова Данахан 13 ОФ дайындады), биология бойынша үшінші орынды (Суханов Андрей, 21 EC) иеленді. 

2016 жыл


Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі 0512000 - Аударма мамандығы бойынша лицензияға қосымша алды.Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі Қазақстандағы әлеуметтік туризмді дамытуға бағытталған «Тарихқа жаңа көзқарас» жобасы бойынша «I-SEED: Innovations - әлеуметтік кәсіпкерлік және білім» байқауында жеңіске жетті. Халықаралық Бизнес Академиясының колледжінің командасы әлеуметтік кәсіпкерліктің озық тәжірибелері бойынша білім үшін Ұлыбританияға оқу сапарын жеңіп алды.

Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі негізінде Алматы қаласының Білім басқармасы, Алматы қалалық колледждер қауымдастығымен бірлесіп «Мен -кәсіпкермін» атты ҮІ қалалық іскерлік экономикалық ойыны өткізілді. Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі  командалары жеңістерге иеленді. 

Оқытушы Краснова Н.В. қалалық "Жылдың ең үздік педагогі" байқауында ІІІ орынды жеңіп алды.

Алматы қ. ең үздік ғылыми қоғамы. Колледж студенттерінің ғылыми қоғамы "Алматы қаласының ең үздік ғылыми қоғамы" байқауында 2 орынды иеленді.

2017 год


Түркияда өткен ІХ Халықаралық  пән Олимпиадасына қатысу (Анталия қаласы).  Олимпиада жеңімпаздары: Бахитұлы Ильяс , георграфиядан 1 орын; Шаньшина Алина, биологиядан 1 орын; Тлеубеков Алибек,  георграфиядан 2 орын,  Дүниежүзілік тарихтан 2 орын; Рахметолла Томирис, биологиядан 2 орын, орыс тілінен 3орын; Умарова Сабина;  биологиядан 2 орын; Нам Мирон, орыс тілінен 2орын; Арзиев Анвар, Дүниежүзілік тарихтан  3 орын; Аблизов Ибрагим ,  Дүниежүзілік тарихтан 3 орын. ХБА колледжінің командасы географиялық квестен 1 орынды жеңіп алды.

3 курс студенті Дильман Олег қалалық «Жас өркен» байқауында Гран-приді жеңіп алды. 2 курс студенттері  Есенжанова Аружан  мен Турдиева Нигара мақтау қағазымен марапатталды.

1 курс студенті Джанкуразова Алина Алматы қаласы Білім Басқармасының қолдауымен Swiss American Academy (SAA Genius) Халықаралық ынтымақтастық шегінде өткен І Халықаралық Олимпиадада ағылшын тілінен 1орынға ие болды  және «Swiss American Academy академиялық жыл» Екінші халықаралық орта білім бағдарламасы бойынша оқу стипендиясын жеңіп алды.

Қалалық колледжаралық Спартакиада аясында  шахматтан біріншілік өтті. Біздің студенттер  қарсылас 23 команданы артта тастап, чемпиондық атақтарын қорғап, қатарынан үшінші рет жеңімпаз атанды.  Колледж намысын қорғаған команда құрамы: Пак Владимир 32МР, Дадамбаев Алдияр 31ЭК, Маханбетов Даулет 32ОУ, Нурдила Мади 11ЭК, Билюков Владислав 13ОФ.

Алматы қаласы колледждері арасындағы Спартакиадада Халықаралық Бизнес Академиясы колледжінің құрама командасы футболдан ІІІ орынды жеңіп алды.

 WorldSkills қалалық чемпионатына қатысу.  Ворлд Скилс қалалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысу. Омаров Ислам – 2 орын, Трондин Георгий -3 орын.

Республикалы0 «IT планета» байқауындағы жеңіс.  "Ақпараттық жүйелер" мамандығының 3 курс студенттері  Республикалық  "IT планета"  дистанциондық байқауында жеңіске жетті, Пастухов Никита және Дронов Никита, 1 орын.

 

2018 жыл


Қазақ әдебиеті пәні бойынша Республикалық олимпиададағы жеңіс:   Дуйсенова Джанна (1 орын), Райысова Гулдария (1 орын), Ергали Бекжан (2 оырн), 

2018 жылдың ақпан айы 

Республикалық математика пәнінен қашықтық олимпиададағы жеңіс:  Рысбекова Джехангира - 1 орын, Мамаева Кристина- 3 орын.

Халықаралық INFOMATRIX-ASIA ІТ -байқауындағы жеңіс: Кызайбек Касымжан 32-ИС, Мунарбеков Тахир 32-ИС . INFOMATRIX-ASIA - халықаралық байқау. Бұл жылы байқауға әртүрлі мемлекеттерден 351 адам қатысты: Иран, Таджикистан, Гонк-Конг, Кыргызстан және Казахстан. Біздің студенттер Computer Programming категориясында бірінші орын иеленді!

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2018 студенттік кәсіпкерлік, стартап және инновациялар  ұлттық кубогында жеңіс, Астана қаласы. ХБА колледжінің командасы әлеуметтік-кәсіпкерлік жоба көрсетіп 3 орынға ие болды.  

 

"АЛМА" холдингінің білім беру сатысы

Байланыз

Студенттер біз туралы