Есеп және аудит


Мамандық: 0518000 - Есеп және аудит (салалар бойынша)
Біліктілік: 0518023 –  Есепші-ревизор /аудитор/

Еңбек нарығындағы дағдарыстың қазіргі жағдайында білікті бухгалтерлерге деген сұраныс айтарлықтай артады . Тәжірибелі менеджерлер жақсы бухгалтерлік маман табудың қаншалықты қиын екенін жақсы біледі: ол тек қана қызметкер ғана емес, компанияның қаржы ағындары және салықтық есеп беруді сенуге болатын көмекші бола алады. Еңбек нарығында көптеген бухгалтерлер болғанына қарамастан, қажетті білікті маманды іздеу кейде бірнеше ай алады.

Бұдан шығатын болсақ, басқа мамандықтар алдында бухгалтер мамандығының негізгі артықшылықтарын бөлуге болады:
     - Еңбек нарығындағы сұраныс;
     - Мамандықтың беделділігі және оның мансаптық өсу мүмкіндігі;
     - Тұрақтылық;
     - Елдегі экономикалық дағдарысқа тәуелсіздігі;
     - Жалақысының үнемі өсіп отыруы. Кәсіпорынның қаржы жағдайын реттеуге мүмкіндік беретін жоғары кәсіби қасиеттері;
     - Есеп бойынша мемлекеттің заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін кәсіби бухгалтерлермен жасалуы.

Бухгалтер мамандығына оқу ұқыптылық пен  табандылықты қажет етеді - барлық арнайы пәндер сандармен, есептеулермен және кестелермен байланысты. Төзімділігі мен мұқияттылығы жеткілікті  адамдарға адамдарға бухгалтерлік есеппен айналысу қиынға соқпайды. Студенттер «Бухгалтерлік есеп»,  «Қаржы және несие», «Қаржы есебі», «Аудит», «Салық және салық салу» кәсіби пәндерін оқиды.

Теориямен қатар болашақ бухгалтерлер мамандандырылған компьютерлік бағдарламаларды, соның ішінде «1С: Бухгалтерлік есеп», электронды кестелермен және деректер базасымен жұмыс істеуі керек. 

Студенттер кәсіби тәжірибеде теориялық білімдерін  бекітеді.

Байланыз

  • Мекен жайы: Розыбакиев көш. 227
  • Тел:+7 7 707 846-45-06
  • Email: collegemab@yandex.kz
  • Картада

Студенттер біз туралы