Біздің жобалар

Біздің жобалар 


Жыл сайын колледждің  оқытушылары мен студенттері дәстүрге айналған  шараны өткізеді. Осы шаралардан  студенттер колледж өмірі туралы  қызық, қайталанбас әсер алады.

ҚЫРКҮЙЕК

1 қыркүйектегі салтанатты жиын – 1 қыркүйекте  колледжде дәстүр бойынша Салтанатты жиын өткізіледі. Оның мақсаты – студенттердің жаңа оқу жылының басында  көңілдерін көтеру және колледж ұжымының ұйымшылдығын дамыту.

Выборы в Студенческий совет колледжа - студенты колледжа голосуют за кандидатов в совет студенческого самоуправления.

Денсаулық күні - жыл сайын колледж студенттерінің Иссык көліне саяхат жасауы ұйымдастырылады. Бұл  колледжге жаңа түскен студенттер үшін дәстүрлі шара. Ол  студенттерді колледждің спорттық  дәстүрлеріне араластыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, бірінші курс студенттерінің арасынан колледждің құрама командасына үздік спортшыларды   және колледждің Студенттік кеңесіне көшбасшыларды анықтауға  мүмкіндік береді.

Мәтінді мәнерлеп оқу байқауы – студенттердің танымдық-тілдік және көркемсуретті-эстетикалық дамуына жағдай жасау, олардың мәнерлеп оқу, әртістік дағдыларын қалыптастыру және өз болмысын көрсету үшін  мүмкіндік жасау мақсатында «Мәтінді мәнерлеп оқу байқауы» атты  әдеби байқау өткізіледі.

Алло, мы ищем таланты – шара  көркемөнер, дарынды жастарды анықтау, қатысушылардың арасында тәжірибе алмасу және шығармашылық араласу үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Осында колледж  студенттерінің ән салу, билеу, музыкалық аспаптарда ойнау, миниатюра қою шеберлігін көрсету мүмкіндіктері болады.

ҚАЗАН

Тарихи квест байқау - бұл Алматы қаласының көрікті жерлері мен тарихын зерттеу үшін заманауи және қызықтыратын жаңа формат. 2016 жылдан бастап колледж тарихи квест байқауды Алматы қаласының оқушылары арасында  өткізіп келеді. Қазіргі таңда квест байқау Алмалы және Бостандық ауданының оқушылары арасында өткізілді.

Студенттік театр – 2015 жылдан бері колледжде студенттік театр жұмыс істеп келе жатыр. Театр труппасы ХБА колледжі студенттерінен және «РУХ» орталығының мүмкіндіктері шектеулі жастарынан құрылған.  Осы күнде студенттер Алматы қаласы және Астана қаласындағы колледждер мен университеттерде  «Я буду любить тебя вечно…» атты (Р. Мунштың «Я буду любить тебя всегда» өсиет әңгімесі бойынша) бірлескен қойылымды көрсетті.

Студент дәрежесіне ие болу – бұл біздің оқу орнымыздың ең  әйгілі дәстүрлерінің бірі. Шара мақсаты- бірінші курс студентін колледждің белсенді өміріне қатыстыру, сонымен қатар танысуға және барлық мамандар бойынша бірлескен жұмыстарды атқаруға жағдай жасау.

Маркетинг бат-маркетологтардың Халықаралық күні 25 қазанда аталып өтеді, сондықтан ол осы мамандықтың кәсіби мейрамы болып табылады. "Маркетинг"мамандығын бітірушілердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында колледжде дәстүр бойынша Маркетинг батл өткізіледі.

Колледж әкімшілігінің топтар белсенділерімен кездесуі - колледжде  білім беру мен тәрбие процесін жақсарту және бірінші курс студенттерінің бейімделуі мақсатында  топтар белсенділері дәстүр бойынша колледж әкімшілігімен кездеседі.

День пожилого человека - студенты колледжа с программой культурных мероприятий выступают перед пожилыми людьми.

ҚАРАША

«Мен-кәсіпкермін» іскери экономикалық ойын -  2011жылдан бастап Алматы қаласының студенттері арасында «Мен-кәсіпкермін» іскери экономикалық ойын өткізіледі. Құрамалар өз бизнесін құрастырып, бизнес-жобаларын қорғайды. Іскери ойынның авторы және ұйымдастырушысы ХБА колледжі болып табылады.

"Жастар.Кәсіпкерлік.Бизнес"панельді пікірталас - «Мен-кәсіпкермін» іскери экономикалық ойынды өткізу алдында Қазақстан бизнесмендерімен "Жастар. Кәсіпкерлік. Бизнес"тақырыбын талдау мақсатында панельді пікірталасты ұйымдастыру дәстүрге айналды.

Студенттік ғылыми конференция – жастардың ғылыми әрекетке мүдделігін ояту мақсатында, дарынды жас зерттеушілерді анықтау және жұрт алдында сөз сөйлеу тәжірибесін меңгеру мақсатында колледжде жыл сайын ғылыми конференция өткізіледі. Биылғы жылы –алтыншы.

Студенттер күні – колледж студенттері осы күнді атап өтпей қоймайды! Флешмоб, байқаулар, викториналар мерекеге ұмытылмас мән береді.

ЖЕЛТОҚСАН

Спартакиада - колледж студенттері қалалық спартакиадаларда кросс, президент тестілері, мини-футбол, ұлттық түрлері, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол, армреслинг деген спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысады.

Жаңа Жылғы бал маскарад

ҚАҢТАР

Шектемеде болған ленинградтықтармен кездесу

Педагогические чтения "Учиться чтобы учить"

АҚПАН

День вывода войск из Афганистана.

Минута славы – дарындардың «Минута славы» байқауын өткізу дәстүрге айналды. Үздіктердің үздіктері жыл сайын өздерінің бірегей шығармашылық қабілеттерімен таныстырады.

"Бизнес-леди" студенттердің кәсіби шеберлігінің байқауы – осы студенттік жарыста колледж бойжеткендері өздерін тұлға, кәсіпқой және әртіс ретінде көрсете алады.

НАУРЫЗ

Торжественный концерт посвященный Международному  женскому дню 8 марта!

«Бизнес мания» іскери экономикалық ойын – осы іскери экономикалық ойында ойыншыларға өз бизнесін көрсетуге барлық жағдай жасалынады. Ойыншы болашақта олжалы бизнесмен бола алатынын көрсетуге тырысады.

Алғыс айту күні-1 курс студенттері мерекелік бағдарламаны дайындайды: концерт, ұлттық киім, 12 ұлт тағамдары, HANDMADE көрмесі.

Наурыз мейрамы- колледж студенттері және қызметкерлері концерт, спорттық шаралар және ұлттық тағамдары бар мерекелік дастарқан жаяды.

СӘУІР

Сайттарды құрастыру бойынша чемпионаты -  студенттер арасында Алматыда 2013 жылдан бері өткізіледі. Чемпионаттың негізгі мақсаты – бос бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып,  білім беру тақырыптары бойынша қолданыстағы сайтты құрастыру.

КТК – колледждің ең көңілді дәстүрі. 

Ғылыми-практикалық конференция – жыл сайын колледжде  "Ғылым, білім, жастар- Қазақстан болашағы» атты  студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Баян-Сұлу және Қозы-Көрпеш байқауы – колледжде Ғашықтар күнін атап өту дәстүрге айналды. Оның рәміздері ұлттық лирикалық дастанның басты кейіпкерлері Баян-Сұлу және Қозы-Көрпеш аталды. 

МАМЫР

Халықтардың ынтымақтастық күні

Сап және ән байқауы – дәстүр бойынша 1 курс студенттерінің арасында сап және ән байқауы өткізіледі: салтанатты маршпен өту, взвод құрамында саптық әнді орындау, саптық тәсілдерді орындау, взвод басшыларының байқауы.

Мәңгілік полк – жыл сайын майдан жауынгерлерін еске алу мақсатында колледж  оқытушылары  мен студенттері «Мәңгілік полк» шеруіне қатысады.

Есте сақтау вахтасы –колледж студенттері 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алау  және Ауғанстанда қаза тапқандарға қойылған ескерткіш алдында Есте сақтау вахтасында тұрады.

МАУСЫМ

День символов

День защиты окружающей среды

Бітіру балы

"АЛМА" холдингінің білім беру сатысы

Байланыз

  • Мекен жайы: Розыбакиев көш. 227
  • Тел:+7 7 707 846-45-06
  • Email: collegemab@yandex.kz
  • Картада

Студенттер біз туралы